Басты бет / Философия және саясаттану / Философия / Сембаева Гулнар Маликқызы

Сембаева Гулнар Маликқызы

Лауазымы: доцент м.а.
       Сембаева Гүлнар Маликқызы – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі. 2003–2005 жылдары университеттің философия және саясаттану факультетінің философия бөлімін үздік аяқтап, философия магистрі академиялық дәрежесін алды. Мамандық бойынша еңбек өтілі – 18 жыл. 2005–2007 жылдары ҚазҒЗА Алматы Заң Академиясында оқытушы, 2008–2014 жылдары Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және Әлем Тілдері университетінде халықаралық қатынастар кафедрасында аға оқытушы қызметтерін атқарды. 2014–2022 жылдары Халықаралық Бизнес Университетінде әлеуметтік ғылымдар кафедрасында ф.ғ.к., доцент м.а. болды. 2022 жылдан бастап Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия кафедрасында ф.ғ.к., аға оқытушы қызметін жалғастыруда. 2010 жылы ҚР БҒМ Ғылым академиясында «философия тарихы – 090003» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады, 2011 жылы философия ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын алды. Ғылыми қызығушылықтары: қазақстандық философиялық дәстүр, мәдени мұра, дүниетанымдық теориялар, гуманитарлық талдау. Отыздан астам ғылыми мақалалар және жиырмаға жуық баспасөз материалдарының авторы. Философия, рухани жаңғыру, мәдени мұра бағыттары бойынша арнайы курстар жүргізеді.
Автордың құжаттары

0

Цитирования

0 по 0
құжаттар

h-индексі

0